Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Мәжіліске енгізгелі отырған балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға түзетулерді жариялады. Түзетулерде педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру және тергеу кезінде қамауға алу да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті.
Ол балаға қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын заңнамада жеке баптардың жоғын түсіндірді. Сондықтан омбудсмен "Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық" атты жаңа бап құруды ұсынды.
Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыстарда тараптардың татуласуы қарастырылмауы керек, сондай-ақ, "бас бостандығын шектеу" жазасын алып тастап, орнына Қылмыстық кодекстің 106, 107, 110, 140-баптарына сәйкес ол тек "бас бостандығынан айыруды" қалдыру керек.
Түзетулерге сәйкес, балаларға жыныстық зорлыққа қатысты тағы бір жаңа бап ұсынылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-1 нөмірін алып, кінәлі адамды пробациялық бақылаудан өткізуді ұсынды. Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартуды ұсынды.
Бұл ретте балаға қылмыс жасағандар соталды тергеу кезінде қамауда болады. Уәкілдің айтуынша, әйтпесе күдікті жәбірленушіге қауіп төндіруі мүмкін.
Зәкиева енгізген маңызды түзетудің бірі - балалар мекемелерін тексеруге қойылған мораторийдің алынуы. Ол кейінгі жылдары балаларға қызмет көрсететін кәсіпорындарда зорлық-зомбылық жағдайларының көбейгенін түсіндірді. Сондықтан ол тыйымды алып тастаумен қатар, балалармен жұмыс істейтін барлық ұйымға лицензиялауды енгізуді жоспарлап отыр.
Заң жобасында барлығы төрт кодекс пен он заңға 55 өзгерту қарастырылған. Ол қыркүйекте түзетулерді талқылау үшін Желіде жариялауға уәде берді. Осыдан кейін жоба үкіметтің қорытындысына, сараптамасына және Мәжіліске жіберіледі.
Еске салайық, Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген педофилге үкім шығарылды.
Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сотталушы химиялық кастрация процедурасынан өтуі керек деген шешім шығарылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!