Танымал әнші Мақпал Жүнісова 17 жыл бұрынғы видеоны жариялап, жұртты елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеосын ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Видеода 5 жасар қызы Мерей әкесі Заманбек Нұрқаділовтің Мақпал Жүнісоваға жазған арнауын оқиды.
"Папамның ақ тілегі.
Мақпалжан - бұлбұлым сен сайрайтұғын,
көктегі жұлдыздардай жайнайтұғын.
Ұшамын қанат бітіп, сен дегенде
Мен құспын самұрықтай талмайтұғын", - дейді әншінің қызы Мерей видеода.
"2007 жыл, Мерейжанның 5жасы, Зәкенің соңғы кітабынан арнауын оқыпты", - деп жазған әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!