Із-түзсіз жоғалып кеткен Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының тұрғындары өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы хабарлады.
1956 жылы туған Максим Әділханұлы Ізбасаров 11 маусымда жоғалып кетті. Ер адам Қарақия ауданы, Жетібай кенті, Жаңа құрылыс шағынауданы, 104 мекенжайындағы үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, оралмады. 15 маусымда жоғалған адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Әбдікәрімов Амантай 1946 жылы туған. Жоғалған күні - 8 маусым. Сол күні таңертең ер адам Шәуілдір ауылындағы үйден шығып, жоғалып кетті. Жоғалған адамның есте сақтау қабілетінің төмендеуінен зардап шеккені және бағдар ұстай алмайтыны анықталды.
1989 жылы туған Мұсабеков Рустам осы жылдың 11 наурызында хабар-ошарсыз кетті. Ер адам Медеу ауданы, "Востокка" ТК, 16/24 ғимарат мекенжайындағы үйден кетіп, жоғалып кетті. 13 маусымда жоғалған адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!