Маңғыстау облысы Бейнеу кентінде 1993 жылы туған Алтынбек Мешітбаев іздестіріліп жатыр. Ер адам 18 сәуірде сағат 18:30-да үйінен шығып, оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғалған күні Алтынбек Мешітбаев қара спорттық күрте, қара шалбар және қара тәпішке киген.
Ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамнан мына нөмірге хабарласу сұралады: +7 (705) 655-36-61 немесе 102.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!