Із-түзсіз жоғалып кеткен астаналық экс-судья Германияда өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды.
Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды.
"Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, бұған дейін шетелде жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің туыстары Германияға жеткенін жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!