Із-түзсіз жоғалған Алматы тұрғыны қала сыртында өлі табылды: күдікті ұсталды

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Lider.kz волонтерлері әлеуметтік желідегі парақшаларында 42 жастағы Ермек Жақыпжановтың 9 қазан күні таңертең Алматыдағы үйінен шығып кетіп, оралмағаны туралы жазған еді.

Фото: instagram/Lider.kz

Марқұмның әлеуметтік желілердегі профиліне қарағанда оның Lenovo компаниясында басшылық қызмет атқарғанын аңғаруға болады.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның мәйіті Алматының маңынан табылған.

"10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінде бұған дейін Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны зорлық-зомбылықпен өлтірген. Қарағанды ​​облысы бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының барысында 24 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады", – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себебін объективті зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!