- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ювентус" пен "Барселонада"...
"Ювентус" пен "Барселонада" ойнаған футболшының әкесі өлі табылды
Чили құрамасының ойыншысы Артуро Видальдің әкесі Эрасмо Видаль 62 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Матч ТВ-ге" сілтеме жасап.
Футболшының әкесі Сантьягодағы атпен серуендеу клубының аумағынан өлі табылған. Алдын ала нұсқа бойынша, ер адам жүрек талмасынан қайтыс болған. Алайда полиция өлім себебін анықтап жатыр.
Артуро әкесімен сирек араласқаны айтылады. Өйткені ол футболшы бес жаста болғанда отбасынан кетіп қалған екен.
Еске салайық, 35 жастағы Видаль қазір "Фламенго" клубында ойнайды. Өзінің карьерасында ол "Интер", "Барселона", "Бавария", "Ювентус", "Байер 04", "Коло-Коло" командаларында өнер көрсеткен. Ал 2007 жылдан бері құрама сапына шақыртылып жүр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина