Юрий Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Юрий Ильин биыл сәуірдегі ауыс-түйіс кезінде төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!