ЮНЕСКО фестивалінде әлемнің алты елінің балалары "Жүректерін бірлікпен үндестірді"

Астана қаласында ЮНЕСКО аясындағы "The Planet of ART 2023 – ЖҮРЕГІМІЗ БІРЛІКПЕН ҮНДЕССІН”  Халықаралық жастар фестивалі музыкалық циклінің Гала-концерті өтті.

Сахнада 5 мыңнан астам қатысушының ішінен іріктелген Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 12-18 жас аралығындағы, сонымен қатар "ERG Zhuldyzdary" номинациясының жеңімпаздарын қоса алғанда 42 лауреат өнер көрсетті. Вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағыт бойынша өнерлерін ортаға салған дарынды жастар кең жұртшылыққа өздерінің көркемдік шеберлігі арқылы ұмытылмас музыкалық қойылым сыйлады.

Гала-концерттің құрметті қонағы болған ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ханым алғаш рет жобаны тамашалады. Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы президенті Болат Ақшолақовқа осы фестивальді ұйымдастырғаны және жастардың шығармашылығына қолдау көрсету ісіне адалдығы үшін алғысын білдіріп, ұйым ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының әлемдегі ең белсенді және баға жетпес мүшелерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Ұйымдастырушылар алқасы Фестивальдің үлкен шығармашылық рөл атқаратынына және қазақстандық композиторлар мен хореографтардың өнерін насихаттауға елеулі үлес қосатынына сенімді. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – заманауи өнерді ілгерлету арқылы жастар тілімен үндестіру еді. "The Planet of ART" жобасының басты міндеті-балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдениеттің алуан түрлілігін көрсету және елдер арасындағы достық байланысты нығайту. Қаншама жас талантты бір арнаға тоғыстырған айтулы фестиваль финалы алғаш рет Павлодар қаласында және екінші Гала-концертпен Астана қаласында өтті. Лауреаттермен бірге 10 күн бойы үздік тәлімгерлер, қоюшы режиссерлер командасы жұмыс жасаса, ал концертті дайындауға Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург және Сеул мамандарының шығармашылық тобы атсалысты.

Аспаптық бағытының лауреаты болған Ахмед Адия жоба жөнінде өз пікірімен бөлісті: "Фестиваль барысында мен айналамдағы адамдармен қысылмай, батыл және ашық сөйлесуді үйрендім. Басқа елдерден келген жоба қатысушыларының арқасында мен олардың мәдениеті және тілдерімен таныстым. Бұл мен үшін құнды тәжірибе болды. "ThePlanetofART" жобасының маған берген басты мүмкіндігі-өз өнерімді кең жұртшылыққа паш ету болды. Мен сахнада қобалжымай өнер көрсетуді үйрендім".

Фестиваль биылғы жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және Астана мен Павлодар қалалары әкімдігінің қолдауымен өтті. ЮНЕСКО клубтары Федерациясының басқа да жобалары секілді "The Planet of ART", Бас серіктес – EURASIAN RESOURCES GROUP (ERG), сонымен қатар басқа да ортақ серіктестер – Теңізшевройлжәне TotalEnergies Kazakhstan компанияларының қолдауымен тегін өтуде.

Жобаның ақпараттық серіктесі, Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының құрметті серіктесі болып табылатын – Alash Media Group, TengriNews және Massaget.kz.

Материалды Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы ұсынды.