Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің бірінші айналымындағы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның алғашқы матчтағы қарсыласы бельгиялық теннисші Марина Заневская болды. Юлия Путинцева 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші сетте Путинцева (WTA рейтингінде 58-орын) 1:4 есебімен әлемнің 89-ракеткасынан жеңіліп тұрған еді. Кейін ол қарсыласын қуып жетіп, алғашқы сетті жеңді. Ал екінші сеттегі тай-брейкте де қазақстандық теннисші үздік болды.
Матч 2 сағат 17 минутқа созылды.
Екінші айналымда Путинцеваның қарсыласы словениялық Тамара Зиданшекті жеңген қытайлық Чжэн Цинвень болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!