Юлия Путинцева Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Топырақ төсенішінде өтіп жатқан жарыстың екінші айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен ойнады.

Юлия Путинцева қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Еске салайық, қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы кезеңінде дүниежүзілік рейтингіде 1 230-орында тұрған марокколық Ая Эль-Ауниді 6:1, 6:4 есебімен жеңген еді.

Бұл турнирдің жүлде қоры - 259 303 АҚШ доллары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан