Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоудағы (Қытай) WTA 250 турнирінің жартылай финалдағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда жарыстың 1-ракеткасы, польшалық Магда Линеттпен ойнады.
Юлия Путинцева қарсыласынан екі сетте 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші матч кезінде екі қос қате жасап, үш брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады. Ал Магда Линетт үш эйсті орындап, екі қос қате жасады және алты брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!