- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Юлия Путинцева Будапештегі...
Юлия Путинцева Будапештегі WTA 250 турнирін сәтті бастады
Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 295-орында тұрған украиналық Катерина Володькомен шеберлік байқасты.
Бәсекені украиналық теннисші қарқынды бастады – 6:1.
Одан кейін Путинцева қарымта қайтара алды – 6:2, 6:1. Ол екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта 2 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 88-ракеткасы, америкалық Клэр Льюмен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан