- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Спорт жаңалықтары
Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші, әлемнің 25-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) турнирінде ресейлік спортшы Диана Шнайдерді жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Матч үш сағаттан астам уақытқа созылды. Ойын кезінде Юлия Путинцева бір эйс пен бір қос қателік жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Оның қарсыласы Диана Шнайдер бір эйс жасап, бес рет допты ойынға бере алмады, 12 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қазақстандық теннисші нәтижесінде 7:6, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, Юлия Путинцева бұған дейін Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің 1/8 финалында әлемнің 40-ракеткасы - тунистік Онс Жаберді ұтқан еді.
Айта кетейік, Аделаидадағы турнир 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры - 1 миллион 64 мың 510 доллар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан