Юлия Путинцева Аустралиядағы жарыстың финалына шыға алмады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Аделаидада өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады, - деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

Юлия жартылай финалда америкалық Джессика Пегулаға жол берді. Екі сет нәтижесі бойынша қарсыласы 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисшінің жартылай финалға дейін жетуі, жоғары ұпай алуына мүмкіндік берді. Жаңаратын WTA рейтингінде 23-орынға дейін көтерілетін болады. Бұл – оның жеке рекорды. 

Айта кетейік, осы жарыстан Юлия Аустралия ашық чемпионатына қатысады. Алғашқы айналымда армян теннисшісі Элина Аванесянмен кездеседі.