- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыстықтан шаш түсетіні...
Ыстықтан шаш түсетіні рас па?
Жазда белсенді күн сәулесі көп зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, күнге күю теріні қабыршақтандырып, оны ауыртып қана қоймай, сондай-ақ шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Трихолог Мария Васильева жазда шаш пен бас терісі ерекше күтімді қажет ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.ru-ге сілтеме жасап.
Ультракүлгін сәуленің агрессивті әсерінен ең бірінші болып бас терісі қиналады.
"Сондықтан шуақты күндері табиғи материалдан тігілген және басты қыспайтын бас киім киіп жүру және күннен қорғайтын крем жағып жүру ұсынылады", - дейді маман.
Сондай-ақ дәрігер SPF-қорғанышы бар сусабын мен кондиционер алуға болатынын айтты. Жазда шаш ылғалды жоғалтады және құрғақ, сынғыш әрі әлсіз бола түседі. Сондықтан кератин, гиалурон қышқылы және майлары бар кондиционерлер қолдану керек.
Ультракүлгін сәулеленудің екі түрі болады: UVA және UVB. Алғашқысы шашты белсенді құрғатады, ал екіншісі пигментті бұзады. Ашық түсті шаш әлсіз келеді, ол жылдам күйіп кетеді. Қою шаш төзімдірек, бірақ қорғанышсыз оның да түсі сарғайып кетуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова