- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ыстықтан болуы мүмкін"....
"Ыстықтан болуы мүмкін". Екібастұзда сауда үйінде ер адам көз жұмды
Екібастұздағы сауда үйінде ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл оқиға Екібастұздағы сауда үйлерінің бірінде болды. Сауда үйіне келген адам ауырып, есінен танып қалған. Дәрігерлер келгенше оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып, оған көмектеспек болған.
"Ол ыстықтан ауырып қалғанға ұқсайды. Өтіп бара жатқандар көмектесуге тырысты, бір адам оның жүрегіне массаж жасады. Қазір сыртта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп жатыр, дүкенде одан да ыстық. Азық-түлік бөлімшелерінде бірнеше тоңазытқыш бар, содан жылу келеді, кондиционерлер жұмыс істемейді. Мен мұнда сатушылардың күні бойы қалай жұмыс істейтінін түсінбеймін", - деді куәгерлердің бірі.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама сағат 13:41-де түскен. Шақыру бірінші санаттағы дәрігерлер бригадасына берілді. Олар оқиға орнына 10 минутта жеткен. Жедел жәрдем келген кезде 68 жастағы ер адамның көз жұмғаны анықталды.
Ведомство ұсынған сурет
"Айналадағы адамдардың айтуынша, өтіп бара жатқан адам оған бірнеше минут бойы көмек көрсетуге тырысқан. Кардиограмма-асистолада жүрек ритмі жоқ. Есі жоқ, ұйқы артериясында тыныс алу және пульсация жоқ. Қан айналымының тоқтау уақыты белгісіз, бригада дереу реанимациялық шараларды бастады, өкінішке қарай, сәтсіз аяқталды. Ер адамға жедел жәрдем келгенге дейін биологиялық өлім диагнозын қойды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, облыста аптапқа байланысты "103" қызметіне қоңыраулар көбейген. Негізінен дәрігерлердің айтуынша, адамдар қан қысымы көтеріліп, жүрек ырғағы бұзылған, стенокардия ұстамасы, тұншығып қалған науқастар жедел жәрдем шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек