- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыстықкөлдегі қазақ бапкері...
Ыстықкөлдегі қазақ бапкері Жүзгенбаевтың өлімі: ұлы сот шешіміне наразылық білдірді
2022 жылы жазда Ыстықкөлде қазақстандық бапкер Мұрат Жүзгенбаевты өлтірген жүргізуші шартты түрде сотталды. Бұл туралы 24.kg агенттігіне марқұмның ұлы Әлішер Жүзгенбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлішер Жүзгенбаевтың айтуынша, бұл шешімді 6 сәуірде судья Қайрат Батыралиевтің төрағалығымен Ыстықкөл аудандық соты шығарған. Айыпталушы Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 312-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда сот оны белгілі бір лауазым мен қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, пробация – үш жыл сынақ мерзімін қолданып, жазасын өтеуден босатқан. Сондай-ақ6 сот жәбірленуші – марқұмның әйелі Раиса Құсайынованың пайдасына 100 мың сом мораль шығынын өндіру туралы шешім шығарған.
"Сот Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 312-бабында көзделген ең аз мерзім берді. Ол бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы керек еді. Біз міндетті түрде сот үкіміне шағымданамыз және оған сәйкес үкім шығаруды сұраймыз. Жаза тым жеңіл. Әкемізден айырылып отырмыз, ал сот пробациялық бақылауды қолданды. Айыпталушы жол апаты кезінде мас күйде болған, бұған алғашқы материалдар, яғни сараптама дәлел", - деді Әлішер Жүзгенбаев.
Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр 16 шілдеде таңертең Бұлан-Сөгөту мен Бостери ауылдарының арасында болған. Lexus көлігінің жүргізушісі Nissan көлігін соғып, жол жиегінде велосипедпен келе жатқан Мұрат Жүзгенбаевты қағып кеткен. Жоғары санатты жаттықтырушы оқу-жаттығу жиынында болды. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек