Ыстықкөлде Қазақстанға тиесілі курорттар жаңғыртылмақ

Қазақстан Ыстықкөл аймағында бірқатар курорттық нысанды дамытуды қолға алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс 2006 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының аумағында орналасқан курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімді және осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Құжатта Қазақстанның төрт курорттық-рекреациялық шаруашылық объектісіне меншік құқығы қарастырылған. Оларға шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру орталығы кіреді.

Қазақстанның осы объектілерді төрт жыл ішінде (2029 жылдың аяғына дейін) 3 және 4 жұлдызды қонақүй деңгейіне жеткізу жөніндегі міндеттемелері көрсетілген.

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамада осы міндеттемелерді орындау үшін инвесторларды тарту мүмкіндігі де көзделген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!