Қырғызстанның Ыстықкөл облысында таудағы жайлауда найзағай түсіп, 250 бас қой қырылды. Бұл туралы республика Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 7 шілде күні сағат 17.00 шамасында Тоң ауданындағы Жазы-Кечүу жайлауында болған.
Оқиға орнында азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жүр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!