Қырғызстанда Ыстықкөл облысының үстінен ұшқан жойғыш ұшақтан оқ-дәрілер түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, оқиға 31 наурызда кешке қарай Ыстықкөл ауданы Сары-Қамыс ауылының жоғарғы жағындағы егістік алқабында болған. Салдарынан екі шұңқыр пайда болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Ыстықкөл облыстық ІІБ бұл деректі растаған. Материалдар одан әрі тексеріс жүргізу үшін Әскери прокуратураға жолданған. Оқиғаның мән-жайы мен оқ-дәрінің түрі анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат тарады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!