Қостанай қаласы облыстың әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі. 250 мыңға жуық халқы бар. Қала әкімі Марат Жүндібаев Massaget.kz тілшісіне өзекті сұрақтарға жауап берді.
Марат Қонысбайұлы, қалада жолдарды жөндеу және қаланы абаттандыру мәселелері қалай шешіліп жатыр?
Қостанайда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 423 шақырымнан асады. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 416 шақырым немесе 98,5 пайыз, биыл біз 99 пайыз жетуді жоспарлап отырмыз. Ұзындығы 34,3 шақырым 65 көшені және 53 аула аумағында жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.
Қала үшін маңызды жобалардың бірі - қаланың екі жаңа "Береке" және "Аэропорт" шағын аудандарын жалғап, қаланың солтүстік-батыс бөлігінен Қостанай халықаралық Аэропортына кірме жолын қайта жаңарту. Ұзындығы - 1,1 шақырым. Жұмысты осы жылдың 1 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл жол пайдалануға берілгеннен кейін қаланың шамадан тыс жүктелген Назарбаев-Дөненбаева қиылысын көліктен азайтуға мүмкіндік береді.
Биылғы жылы ұзындығы 2,2 шақырым болатын Тобыл маңы саябағына қарай кіреберіс жолымен Фролов көшесін қайта жаңарту жобасы біз үшін ерекше болып саналады. Қалада жыл сайын машиналар саны артып келеді. Автотұрақ мәселесі жыл сайын өзекті болғандықтан, бұл жерде қосымша 356 орын салатынымызды атап өткен жөн.
Биыл қаланы абаттандыру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Триатлон парк" жағалауын, қалалық жағажайды қайта жаңарту жоспарлануда, сондай-ақ "Шағала" Тобыл маңы саябағының солтүстік бөлігін қайта жаңарту жобасы әзірленіп жатыр.
Біздің қаламызда 20 субұрқақ бар. Биыл 6 субұрқақты жөндеу жұмыстарын бастадық, оның ішінде 2-і толық қайта жаңартудан өтіп, заманауи жаяу жүргіншілер мен музыкалық-ән салатын субұрқақ орнатылады. Жоғарыда айтқанымдай, биыл 53 тұрғын үй ауласының ішін жөндеу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда қалада 264 аула алаңы абаттандырылды, сондай-ақ 64 спорт алаңы, оның ішінде 48 шағын футбол алаңы және 16 хоккей корты, 112 балалар-спорт алаңы және 88 балалар ойын алаңы орнатылды. Осы жылы 18 аула алаңын абаттандырамыз. Бұдан басқа, "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша Қостанай қаласының аулаларында 19 балалар-спорт алаңын орнату жоспарланып отыр.
Әлеуметтік желідегі парақшаңызды бақылай отырып, қаладағы тұрғын үй құрылысының процестерін үнемі қадағалап отырғаныңызды байқадық. Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Жалпы қалада 131 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, оның 29-ы жеке құрылыс және 43-і кредиттік тұрғын үй, 4-еуі жалға берілетін тұрғын үй және 55-і "Қонай" тұрғын алабындағы жеке тұрғын үй құрылысы. Биыл біз 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 29 кредиттік тұрғын үй және 4 жалға берілетін тұрғын үй.
Айта кету керек, қалада әр түрлі себептермен ұзақ салынып, аяқталмай жатқан құрылыстар бар, бұл құрылыс материалын жеткізуге және оның қымбаттауына әсер еткен пандемияның салдары, жалпы геосаяси жағдай да әсер етті. Биыл бұл жағдай шешімін тауып жатыр. Жол карталарын әзірлеп, жобаларға түзетулер енгіздік. Қазір белгіленген жоспарларға сәйкес орындап келеміз.
Біз үшін қазір басты міндеттердің бірі - биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді аяқтау. Барлығы 4 үй салынып жатыр, олардың біреуін қаңтар айында аяқтадық, ал 3 үйді осы жылдың соңына дейін пайдалануға береміз.
Қостанай қаласында биыл қаланы көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс басталды, қандай жоспарлар бар және осы күні не істелді?
Біз алдымызға қаланы көгалдандыру бойынша үлкен міндеттер қойып отырмыз. Осы жылдың сәуір-мамыр айларында қаланы санитарлық тазарту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарғанымыздан бастағым келеді. Осы уақыт ішінде барлық меншік нысанындағы ұйымдардың іргелес аумақтары, көпқабатты үйлердің аулалары, жеке үй иеліктері абаттандырылды, саябақтар, скверлер, қалаға кірме жолдар тазартылды. 9 мамыр қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын барлық аулаларда сенбіліктер өткіздік. Айта кету керек, сенбіліктер кезінде қаланың коммуналдық кәсіпорындары қоқысты тегін шығарумен айналысты, қала тұрғындары тек тұрғын үй аулаларында қоқысты қаптарға жинап, шығаруға ситуациялық орталыққа өтінімдер қалдырып отырды.
Санитарлық тазарту және қаланы ағымдағы күтіп ұстау бойынша өткізілген екі айлықтың қорытындысы бойынша 80 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды, бұл өткен жылғы нәтижеден екі есе асып түсті. Көгалдандыруға қатысты биыл бірқатар іс-шаралар өткіземіз. Қазірдің өзінде 1 607 қарағай, 255 пирамида тектес терек көшеттері, ырғай, бұталы қоршау - 70 мың дана, сондай-ақ 8 мың шаршы метрден астам жерге көгалдар отырғызылды.
Қарағай мен теректің биіктігі 2-ден 3 метрге дейін. Бұрын қалада мұндай мөлшерде көшеттер отырғызылмаған. Өткен жылы мердігер гүл отырғызу жұмыстарын толық орындамағанын атап өткім келеді.
2022 жылы байқау нәтижесінде жеңімпаз болып Алматы қаласынан жеткізуші анықталды. Отырғызу материалы оңтүстік аймақтан әкелінгендіктен, сапасының деңгейі төмен болды. Қала іс жүзінде гүлсіз қалды. Жергілікті атқарушы органдарға жергілікті тұрғындардан көптеген шағымдар түсе бастады. Сол себеппен шарт бұзылып, жеткізуші жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілді.
Осы проблеманы шешу үшін 2022 жылы Қостанай әкімдігі Көкшетау және Петропавл әріптестерімен бірлесіп, әлеуетті өнім берушілердің тиісті облыс аумағында болуын талап ете отырып, гүлдер күтімі бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесіне толықтырулар енгізу арқылы бұйрыққа өзгерістер енгізуді ұсына отырып, Қаржы министрлігінің атына хатқа бастамашылық жасады. Осылайша, 2022 жылғы 5 желтоқсанда ұсыныс қолдау тауып, министрліктің бұйрығына өзгерістер енгізілді. Ағымдағы жылы бұл талаптар, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде конкурстық құжаттамада тіркелді, нәтижесінде жеткізуші Қостанай облысынан анықталды.
Жақында Сіз қаланың жарнамалық безендірудің көріксіз жағдайы туралы айттыңыз, біздің білуімізше, қалада заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен сауда орындарын бұзу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, бұл туралы не айта аласыз?
Ия, біздің қалада осындай проблема бар. Жақында мен барлық ірі жарнамалық құрылымдардың иелерімен кездестім, онда осы мәселелерді талқыладық. Облыс орталығының аумағында барлығы 235 жарнама құрылымы орналасқан.
Жүргізілген мониторингке сәйкес, жарнамалық құрылымдардың 75-80 пайыз қажетті талаптарға сәйкес келмейді. Мысалы, билбордтардың жалпы санының 51-інде ғана қараңғы уақытта жарығы бар. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы сыртқы жарнамасыз тұрған жарнамалық жазықтықтар бар, жеке құрылымдарда грамматикалық, соның ішінде мемлекеттік тілде қателер бар. Сонымен қатар, билбордтардағы ақпаратты жаңартуда проблемалар бар. Маңыздысы, кейбір құрылымдар апатты жағдайда тұр.
Енді иелері заманауи жарнамалық құрылымдарды жаңартып, соның ішінде LED экрандарын орнатады деп келісті.
Заңсыз орнатылған сауда орындарына қатысты. Қала әкімдігі 10 жылдан астам уақыт бұрын саяжай иелері мен фермерлік қожалықтардың өз өнімдерін сату процесін ретке келтіру үшін қаланың 16 жерінде орналасқан 64 стационарлық емес сауда дүңгіршектерін орнатқан. Қазіргі уақытта олардың көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, күрделі жөндеуді қажет етеді немесе одан әрі пайдалану үшін мүлдем жарамсыз.
Жақында "Аэропорт" шағын ауданында ыстық су тек 1 қыркүйекте беріледі деген ақпарат шықты. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ыстық суды ертерек беруге бола ма? Бұл үшін қандай да бір әрекет жасалып жатыр ма?
"Аэропорт" шағын ауданында жылу желілерінің тозуына байланысты жылыту маусымы кезінде бірнеше рет құбырлары жарылды (2022 жылғы желтоқсанда және 2023 жылғы қаңтарда). Бұл жағдайды ескере отырып, қайта жаңарту үшін республикалық бюджеттен 886 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінгі күні жұмыс басталды, сырты тігілген полиэтиленнен жасалған полиуретанды көбік оқшаулағышы бар алдын ала оқшауланған болат құбырларды пайдалана отырып, тозған желілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Жобаға сәйкес жұмыстың аяқталу мерзімі - 2023 жылдың қыркүйегі. Әрине, біз өз тарапымыздан процесті мүмкіндігінше тездететін боламыз, бірақ жұмыстың күрделілігін ескеріп, бәрін сапалы орындау керек.
Сіз әлеуметтік желідегі парақшаңызда жазылған тұрғындардың пікірлерін оқисыз ба? Кері байланыс бар ма?
Қазіргі тенденцияларды ескере отырып, әлеуметтік желілер менің қала әкімі ретіндегі жұмысымның ажырамас бөлігі болып табылады. Мен мүмкіндігінше бәріне жауап беруге тырысамын, бірақ бір мәселе бойынша маған көптеген тұрғындар жазатын кездер болады, бәріне қатарынан жауап бермеу үшін біз ақпаратты БАҚ арқылы береміз, олар өз кезегінде әлеуметтік желілерде жариялайды. Кейде әлеуметтік желілерді үнемі қадағалап отыруға уақыт жетіспейді, бірақ мүмкіндігінше тырысамын.
Жалпы, қазір бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сұрау салып, оны ұзақ уақыт күтетін ескі форматынан кетіп жатырмыз. Әкімдіктің жылдам реакциясы қажет болған кезде оны кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Өйткені бұл жерде жеделдік қажет.
Әрине, әлі де журналистік сұраулар келіп түсуде, бірақ әлеуметтік желілер, ватсап мессенджерлері арқылы мүмкіндігінше бірден жауап беріп, жедел жұмыс істеуге тырысамыз.
Егер құпия болмаса, әкімнің жалақысы туралы айта аласыз ба?
Мен бұл ақпаратты ешқашан жасырмадым, жалақым 1 149 463 теңге, "қолыма" 911 800 теңге аламын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!