- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыстық шайға бал...
Ыстық шайға бал салуға бола ма?
Кей адамдар балды ыстық шайға салады. Бал шайға тәтті дәм сыйлайды және ол оны пайдалы етеді. Алайда балды ыстық шайға салуға бола ма?
Балдың пайдасы
Иммунитетті қатайтады
Бал антибактериялық және қабынуға қарсы қасиетке ие. Ол инфекциялармен күресуге және иммунды жүйені қатайтуға көмектеседі.
Тамақ саулығы
Бал қосылған жылы сусындар тамақты жұмсартуға, жөтел белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Мұндай сусын тұмау белгілерін жеңілдету үшін халықтық емде жиі қолданылады.
Энергияны арттырады
Балда фруктоза және глюкоза секілді табиғи қант бар. Олар ағзаға энергия көзін береді.
Тері саулығы
Балдағы антиоксиданттар бос радикалдар әсерін азайтуға көмектеседі және терінің сау болуына ықпал етеді.
Асқорытуды жақсартады
Бал асқорытуды ынталандыруға және ішқату белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Ауыр тамақтан соң бал қосылған су ішу жағымсыз сезімді азайта алады.
Балды ыстық шайға салуға бола ма?
Балды жоғары температураларға (40-50 градустан жоғары) дейін қыздырған кезде оның пайдалы қасиеттері жоғалып кетуі мүмкін. Сондықтан оның пайдалы қасиеттері сақталу үшін балды аздап суыған сусындарға қосу ұсынылады.
Сондай-ақ өнімге қандай да бір зиянды заттар түсіп кетпес үшін сенімді өндірушілерден сапалы бал таңдау маңызды.
Кез келген өнімді секілді бал қосылған шайды да шамадан тыс көп ішуге болмайды. Рационға өзгеріс енгізбес бұрын дәрігеріңізбен ақылдасқан жөн. Әсіресе, қандағы қант деңгейі немесе қант мөлшерін шектеу керек басқа да медициналық проблемалары бар адамдар сақ болуы керек.
Оқи отырыңыз: Шайды қай кезде ішуге болмайды?
А. Жапатова