Өткен жылы 15-16 сәуір күндері Мимар Синан көркем өнер университетінде Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары түрік және ағылшын тілдерінде “Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері” атымен бүгін жарық көрді.
Түркі Дүниесі Қала Әкімшіліктері Одағының басылымдары арасында шыққан кітапта Түркия, Қазақстан және АҚШ-нан ғалымдардың баяндамалары орын алуда. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұніуерситетінен Алтайы Оразбаева, сегіз ғалым да ат салысқан кітапта Түркия мен АҚШ-тан тоғыз зерттеушінің де баяндамалары түрік және ағылшын тілдерінде екі том жарияланып отыр.
Кітаптың тұсаукесер жыйналысы 2016 жылы, 10 желтоқсан күні сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығында жасалмақ.
Сонымен қатар белгілі ғалымдар мен баспасөз өкілдері қатысады деп күтілген осы басқосуда “Зуқа батыр және заманы” атты қазақ тіліндегі кітаптың таныстырылымы болмақ.
Әбдіуақап Қара