Өткен жылы 15-16 сәуір күндері Мимар Синан көркем өнер университетінде Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары түрік және ағылшын тілдерінде “Кеңестік тарихнама және Қазақстан тарихының мәселелері” атымен бүгін жарық көрді.
Түркі Дүниесі Қала Әкімшіліктері Одағының басылымдары арасында шыққан кітапта Түркия, Қазақстан және АҚШ-нан ғалымдардың баяндамалары орын алуда. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұніуерситетінен Алтайы Оразбаева, сегіз ғалым да ат салысқан кітапта Түркия мен АҚШ-тан тоғыз зерттеушінің де баяндамалары түрік және ағылшын тілдерінде екі том жарияланып отыр.
Кітаптың тұсаукесер жыйналысы 2016 жылы, 10 желтоқсан күні сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығында жасалмақ.
2015 жылы 15-16 сәуір күндері Мимар Синан көркем өнер университетінде Қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханұлының 100 жылдығына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
Сонымен қатар белгілі ғалымдар мен баспасөз өкілдері қатысады деп күтілген осы басқосуда “Зуқа батыр және заманы” атты қазақ тіліндегі кітаптың таныстырылымы болмақ.
Әбдіуақап Қара
Н. Айдархан