Танымал блогер Ырысбала Икрамбай қандай бағдарламаларға қатысқысы келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал блогер, көптеген мұқтаж жанның баспаналы болуына көмектескен Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында подкаст, бағдарламаға шақыратындарға жауап берді.
"Шақыртуыңызға рақмет. "Шақырғанға бармасаң, шақыртуға зар боласың" дейді қазақ. Бірақ жылт еткен жылытпадан құр қалмайтын адам секілді әр жерден бір төбе көрсетіп, аузым көпіріп отырғанды ұнатпаймын. Көретін халық инстаграмнан-ақ көре береді. Елдегі бағдарламаның 70-80 пайызына шақырады. Мен қаламаймын, барғым келмейлді. Танымалдылыққа құштарлық та, құмарлық та болып тұрған жоқ, айыпқа бұйырмаңыздар", - деді ол.
Блогер өзіне ұнайтын бағдарламалар бар екенін, бірақ олардан әлі шақырту келмегенін де ашып айтты.
"Кейбір подкасттар ішті пыстырып жібереді. Қазір саны көп сапасы жоқ подкаст көп қой. Сөйлей берсең, сөздің де сүйкімі кетеді", - деп қорытындылады сөзін Ырысбала Икрамбай.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!