- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ырысбала Икрамбай: Көзіме...
Ырысбала Икрамбай: Көзіме шөп салсаң да, мен білмей-ақ қояйыншы...
Танымал блогер, көптеген мұқтаж жанның баспаналы болуына көмектескен Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқырмандары блогерден көзге шөп салу туралы сұраған.
"Егер көзіне шөп салғанның бәрі ажырасып кете берсе Қазақстанда отбасы қалмайтын еді. "Еркек итті көрсе ииді" деген сөз бар, мағынасын қараңызшы! Ешқайсымыздың қағанағымыз қарқ, сағанағымыз сарқ емес. Бірақ мен Сары байыма айтамын, егер сен измена жасасаң да мен білмей ақ қояйыншы деп. Себебі менің көңілімде бәрібір қалады. Сынған ыдысты қайта жапсырып қойсаң да ізі болатыны сияқты. Алды артыңды тазалап жүрші, бала шағаға тиіп кетпейтіндей деймін. Басыңа түссе көресің", - деп жауап берді блогер көпшілікті қызықтырған сұраққа.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина