Танымал блогер Ырысбала Икрамбай су астында қалған Ақтөбе тұрғындарына 1 КамАЗ қажетті зат жіберетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Отбасымыздың атынан, мені қолдаған халықтың атынан, ешкімнен қаражат жинамай Ақтөбе жұртына 1 камаз қажетті заттар жібергелі жатырмыз", - деді ол.
Блогердің айтуынша, ол 100 адамға жететіндей зат алған. 5 миллион теңгеге зат алған Ырысбала Икрамбай КамАЗ-ға киім-кешек, төсек-орын, тамақпен қоса дәрі-дәрмек алған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!