- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ынтымақтастық жөніндегі келісім...
Ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынастардың іске асуына ықпал етеді
Өзара түсінушілік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандум Қазақстан мен Ресейдің мәдени, әлеуметтік және гуманитарлық даму саласындағы ынтымақтастықты реттейтін болады, деп хабарлады primeminister.kz сайты.
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты мәдени қарым-қатынастардың іске асуының қосымша тиімді құралы болады.
Өз тарапынан Санкт-Петербург Музыка үйінің көркемдік жетекшісі Сергей Ролдугин меморандумның екі елдің де мәдениетінің дамуы үшін маңызы зор екендігін айтып өтті.
Қазақстандың ведомство басшысының пікірін қолдай отырып, С. Ролдугин тек нағыз кәбіпқойлардың ғана жалпы адамзаттың рухани даму жолында жан-жақты мәдени ынтымақтастықтың дамуына ұдайы талпыныста болатындығын, және мұндай қасиетті өзінің қазақстандық әріптестерінен байқағандығын айтты.
«Біздің Санкт-Петербург Музыка үйі жас музканттарды алға жылжытып, олардың өнер жолында дамуымен айналысады, дегенмен, біздің ендігі жолы тек өзіміздің ресейлік орындаушылармен емес, сондай-ақ, қазақстандық орындаушыларды да алға жылжытумен айналысу туралы жоспарымыз бар. Қазақ ұлтының бай мәдениеті әлемдік мәдениеттің қалыптасуына үлкен баға жетпес үлес қосты. Сол себепті де, біз мәдени өзара қарым-қатынас орнатып, бірлесіп дамуға міндеттіміз», - деді С. Ролдугин.
Меморандумға сәйкес, екі жақтың да қызығушылығында бар салаларда ынтымақтастық орнататын болады. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Санкт-Петербург Музыка үйі мәдени, әлеуметтік және гуманитарлық даму бойынша ортақ шаралар өткізіп, тәжірибе мен алдыңғы қатарлы технологиялармен алмасамыз деп келісті.
Меморандумда көрсетілген екі жақты серіктестіктің маңызды бағыттарының бірі – қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін арттыруда екі жақты көмек көрсету. Қазақстандық ведомство мен Музыка үйі бірлесіп екі елдің мамандары мәдениет және өнер саласындағы өзекті мәселелер жөніндегі пікірлерімен конструктивті түрде алмаса алатын семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға ниетті.
Бұдан өзге, министрдің айтуынша, меморандум музыка мекемелері мен концерт ұйымдастырушылар арасындағы байланыстың орнауына, орындаушылармен, музыкалық ұжымдармен және мамандармен алмасуға, сонымен қоса, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныің шығармашылық одақтары арасындағы байланысты кеңейтуге септігін тигізеді. Сол үшін екі жақ Қазақстан мен Ресейде шығармашылық ұжымдар мен жетекші орындаушылардың гастрольдік сапарларын ұйымдастыруға келісті.
T. Кіршібаев