ER-BATYR жобасында – танымал актер Ерден Телемісов. Спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен "МакМафия" фильмінің түсірілімінде актриса Мария Шушкинамен кездесуі, ата-анасының берген тәрбиесі мен қыз тәрбиелеудің қыр-сырын айтты. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.
Жобаның ұйымдастырушылары – Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі – Altel ұялы байланыс операторы.
Ерден Телемісов – танымал актер, каскадер әрі тележүргізуші. Ол 15-тен аса фильм мен сериалға түскен, оның ішінде, Netflix-тің "Марко Поло" жобасы, "Жауынгер" америкалық сериалы мен "МакМафия" америкалық-ұлыбританиялық сериалы бар.
Актер ресейлік актриса Мария Шукшина түскен "МакМафия" фильмінің түсірілімі кезінде болған бір жағдайды бөлісті.
"Бұл оқиғаны көңілді отырып айту қиын. Ең бірінші рет халықаралық жобада өзімді жайсыз сезіндім. Біз әріптестерімізбен келгенде алаңда Мария Шукшина болатынын естідік, ол басты рольдегі кейіпкердің анасы болып ойнады. Мария Шукшинаны құрметтейтінмін, жақсы көретінмін, себебі, біріншіден, оның әкесі - Кеңес киносының нағыз аңызына айналған, оған қоса, мен үнемі "Жди меня" бағдарламасын көретінмін. Жағдайға қатты беріліп, уайымдап кетініні соншалық, амандасып, құрметімді көрсеткім келетін, себебі бір жерде - Кеңес одағында тудық қой. Біз жақындай бергенде басқаша болып кетті. Ол үзіліс кезінде көзін кішкене жауып отырды. Мен келіп: "Сәлеметсіз бе, Мария, менің есімім Ерден, мынау менің достарым, біз сізге деген құрметімізді көрсетіп, амандасып қайтсақ дедік" деп айттым. Біз тұрмыз, бір кезде: "Маша, Мария" деп қайталадым, мүмкін дұрыс емес айтып тұрған шығармын, мүмкін ұйықтап қалған шығар деп ойладым. Сосын оның әкімшісі келгеннен кейін ол: "Маған кофе құйып берші" деп, қайтадан бұрынғыша отыра берді. Бұл бір ыңғайсыз жайт болғаны соншалық екі күндей бөлмемде зығырданым қайнап жүрді", - дейді актер.
Сұхбат барысында Ерден Телемісов ата-анасымен қарым-қатынасы туралы айтып берді.
"Әкеммен арақатынасымыз өте жақын болатын. Ол үнемі маған "жаным" деп айтатын. Тіпті жасөспірім кезімде де достарыммен кездесуді емес, анам мен әкем уайымдауы мүмкін екенін ойлайтынмын. Мен "мамасының баласы" болатынмын, оны мойындаймын. Біздің туыстарымыз бен таныстарымыз "Телемісовтер ерекше" деп айтатын. Отбасымызда бұл атмосфераны анам қалыптастыра білді. Өзімді адам ретінде санай алуым анамның арқасында. Ата-анам бізге жақсы үлгі көрсете білді, көп оқитын, біздің пәтердегі сөре кітапқа толы болатын", - дейді спикер.
Актердің айтуынша, әке болу – үлкен еңбек.
"Өмірдің мәні - оны думандатып сүруде емес. Үнемі жаныңда болатын - сенің отбасың. Әрине, кейде балаларымызға ұрсып, бағыт беріп жатамыз, бірақ мен қыздарыма оларды жақсы көретінімді, қандай жағдай болмасын менімен ақылдасуларына болатынын, өзін қаншалықты кінәлі сезінсе де, қандай жағдай болмасын олардың үйі барын айтып отырамын. Бала кездерінен оларға әке қайдағы бір бақылаушы емес, дос екенін айтамын. Бала - жеке меншік емес, сен оларға 18 жасынан кейін не істеу керегін айта алмайсың. Бастысы - оларды жақсы адам етіп тәрбиелеп, кез келген жағдайда қолдау", - дейді Ерден.
ER-BATYR – ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін футболшылар Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев жоба қонағы болған.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.