- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыңғайлы аяқкиімді қалай...
Ыңғайлы аяқкиімді қалай таңдау керек?
Бір қарағанда аяқкиімнің адам денсаулығына еш қатысы жоқ секілді көрінеді. Алайда ол сіздің хал-жағдайыңызға әсер етеді. Сондықтан оны дұрыс таңдау маңызды.
Аяқкиім аяққа тар болмауы керек
Аяқкиімнің өлшемі сіздің аяғыңызға сай келуі керек. Әйтпесе, ыңғайлы кроссовкидің өзі тар болса, аяқты қажап тастайды. Егер аяқкиіміңіз тар болса, аяқ қажалады, тырнақ башпай етіне кіріп кетеді, башпай қисаяды және арқа ауыруы мүмкін. Егер үнемі тар аяқкиіммен жүретін болсаңыз, дене мүсіні проблемасы туындауы мүмкін. Сол үшін жақсы аяқ киім таңдауға уақыт пен қаражат аямаңыз.
Аяқкиімді киген кезде 1-1,5 см артық орын қалғаны дұрыс. Бірақ аяқкиімнің қатты үлкен болуы да қауіпті: бұл кезде аяғыңызды қайырып алу қаупі бар.
Аяқкиімді киіп қарап алған дұрыс
Соңғы кездері адамдар киімдерді интернет-дүкендерден тапсырыспен алдырады. Бірақ аяқ киімді киіп қарамай алсаңыз, оның өлшемі келмей қалуы мүмкін. Оның түрі әдемі болғанымен, сіздің аяғыңызға мүлдем келмеуі мүмкін. Мүмкіндік болса, аяқкиімдерді офлайн-дүкендерден барып алған дұрыс. Егер басқа амал болмаса, аяқкиімді тапсырыспен алу кезінде оның өлшемін тағдағанда табан ұзындығын ғана емес, жалпақтығын да ескеріңіз.
Аяқкиім алуға дүкенге кешкісін барыңыз
Аяқкиім таңдау үшін дүкенге күннің соңында барған дұрыс. Мысалы, таңертең емес, жұмыстан шыққан соң барыңыз. Себебі әдетте аяқ күннің соңына қарай ісінеді. Ал егер аяқкиімді күндіз сатып алсаңыз, ол кезде аяғыңызды қыспаған аяқкиім кешке таман қысып тұруы мүмкін.
Материал сапасына мән беріңіз
Мақта немесе былғары жақсы желдетумен қамтамасыз етеді. Аязды ауа райында аяқты киіз немесе табиғи жүн жақсы жылытады. Ал синтетикалық маталар жаңбырлы күндері жақсы: олар жылдам кебеді және ылғалды жібермейді.
Аяқкиім ауыр болмауы керек
Қысқы бәтеңкелердің өзі жеңіл болуы және аяққа күш түсірмеуі керек.
Оқи отырыңыз: Тағы да киетін ештеңе жоқ па?
А. Жапатова