- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ым тілімен қалай...
Ым тілімен қалай түсініседі? Бұл дерт тұқым қуалай ма? - сурдопедагог
Елімізде құлағы нашар еститін, мүлдем естімейтін жандар көп. Қоғамда мұндай жандар арнайы сурдоаудармашылар қызметін пайдаланады. Қазіргі таңда сурдоаударамшыларға сұраныс бар ма, бұл мамандықтың пайдасы қандай? Осы туралы Massaget.kz тілшісі сурдоаудармашы Назерке Қуралбаймен сұхбаттасты.
"Ерекше жандар өз ойларын толық жеткізе алмайды"
Сурдоаударма қызметі - нашар еститін мен саңырау кісілерге ымдау тілі арқылы көмек көрсету. Яғни, еез- келген мекемелер мен қоғаммен байланыс орнату үшін байланысу. Назерке Қуралбай осындай жандарға құжаттармен, жұмыста түсіндіру арқылы аударма қызметін көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ерекше жандар көбіне өз ойларын айта алмай, қарым-қатынаста басқа адамдармен түсінісе алмайды. Сондай-ақ, құжаттар мен бағдарламалар бойынша көбіне біраз ақпараттардан бейхабар болып қалады. Сол жандарға көмектесу, оларды қоғаммен байланыстыру мақсатында осы мамандықты таңдадым. Осы сала бойынша жоғары білімім бар. Қызмет етумен қатар, қызығушылығы бар жандарға бар білгенімді үйретемін. Мәселен, сурдоаударма қызметінде жұмыс атқарамын деген кісілерге онлайн курстар аштық. Себебі қазір әрбір жанның жеке сурдоаудармашысы бар және өздеріне ұнаған аудармашыны таңдау құқығы бар", - деді
Маманның айтуынша, бұл қызметке жүгінетіндер көп. Соған орай жыл сайын сұраныс та артып келеді.
"Кеңес үкіметі кезеңінде, оқыту кезінде РЖЯ, яғни орысша ымдау тілін оқытты. Бұл ымдау тіліне қазақша әріптер бертін келе қосылды. Көбіне орыс тілінде білім алғандықтан, сол заманғы адамдарға орыс тілінде сөйлесу ыңғайлы. Бір-бірімен түсінісуге кедергі келтірмейді. Соған қоса қазақша мен орысша ымдау тілінде қатты айтарлықтай өзгерістер көп емес. Жасы үлкені де, кішісі де орысша ымдау тілімен бір-бірімен түсініседі",- деді ол.
"Бұл дерт тұқымқуаламайды"
Баланың құлағының нашар естуіне әсер ететін бірнеше факторды Назерке Қуралбай атап өтті.
"Көбіне бала ауырған кезде ата-аналардың өз бетінше үй жағдайында ем қолдануы, сондай-ақ, дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймауы. қатты соққы алуы, т.с с. себептер баланың нашар естуіне әсер етеді. Бірақ бұл тұқым қуаламайды. Мысалы, ата-анасы белгілі бір себептерге байланысты құлағы нашар естіген болса,баласында бұл дерт болмайды", - деді ол.
Ал бұдан жақсарудың жолы көп.
"Құлақтың естуін жақсарту ауру дәрежесіне байланысты. Егер жеңіл дәрежесі болса, мамандар, арнайы аппарат арқылы түзетуге болады. Уақытты жоғалтпай, мамандармен бірге екі жақты бірге жұмыс атқару керек. Мамандар қандай ем қолдану керек екенін өздері айтады", - деді ол.
"Әр адамға жеке сурдоаудармашы бекітілген"
Оның айтуынша, қазіргі таңда 5 жастан бастап қарт кісілерге дейін осы қызметке жүгінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әрбір баланың жасы 5-ке толғаннан кейін оның жеке сурдоаудармашысы болады. Ал мүгедектігі бар жандарға қоғамдық орындарда қамқоршысы мен аудармашысы көмектеседі. Әрине, әрқайсысына өз таңдауы бойынша бір маман міндетті түрде бекітіледі. Егер аудармашы сол сәтте жанында болмай қалған жағдайда, онлайн қызметін көрсете алады", -деді ол.
Қазіргі таңда Қазақстанның бірнеше өңірінде Назеркенің шәкірттері бар.
"Бізде ымдау тілі мамандығы арнайы сайтта онлайн түрде болғандықтан, доступ бірнеше айға беріледі. Сонымен қатар, күнделікті жаттығуы үшін ымдау тілінің электрондық нұсқадағы кітабы беріледі. Қазіргі таңда Түркістан, Жамбыл, Талдықорған, Алматы, Шымкент қалаларында шәкірттеріміз ымдау тілі мамандығы бойынша қызмет көрсетіп жүр", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы