Желіде су тасқынынан кейін үйіне оралған Құлсары қаласы тұрғындарының видеосы жарияланды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода үйдің ішкі көрінісі толықтай көрсетілген. Су толықтай кетпеген, дегенмен едендер бүлініп, заттардың шашылғанын көруге болады.
@b.bekzhan1994♬ оригинальный звук - Stroy Sity Doors
"Өзің маңдай термен салған үйіңе ештеңе жетпейді" деп жазды видео авторы.
"Толық жөндеу керек қой", "мына су қарайған адамның өмірімен ойнап кетті", "адамның жүрегі удай ашиды", "обал-ай" деп жазды желі қолданушылары.
Желі қолданушысы @a_car_studio Құлсарыдағы үйінің ауласы мен ішкі көрінісін көрсетті. Едендегі су кеуіп кеткен, ал аула балшық болып жатыр. Бөлменің есіктері бүлінген.
@a_car_studio Құлсары су тасқынынан кейінгі үйдің ішкі көрінісі #кульсары #потоп #новоднение #казахстан🇰🇿 ♬ оригинальный звук - a_car_studio
"Есікті алып тастау керек еді" деген желі қолданушысына автор "су келді дегенде есікке қарайтын шамамыз болмады" деп жауап жазды. "Пана болмайды, ылғал", "Алла сабыр берсін", "обал-ай" деп жазды желі қолданушылары.
Кейбір үйлерде су әлі кетпегенін көруге болады. Assem есімді желі қолданушысы су тасқынына кейінгі үй ішіндегі суды көрсетті. Бел ортадан келген суда заттар қалқып жүр, ал еден төсеніші жоғары көтеріліп кеткен.
@asemkondybayeva♬ Әйел туралы - Merekusha.k
Танымал блогер Ерболат-Гүлнұр Омаровтардың Құлсарыдағы ата-анасының үйі суға кетіп қалған. Оның айтуынша, "әкімдік үйдің ішін бейнежазбаға түсірмесе, ешқандай көмек болмайды" деп айтқан.
"Гүлнұр екеуміздің ата-анамыздың үйі де суға кетті. Мынау аға-жеңгеміздің жаңа жөндеуден кейінгі үйі. Мынадан кейін қалай жаңа үй бермейді?" деді блогер.
Айта кетейік, бұған дейін Құлсарыда 3 мыңға жуық үй әлі су астында екенін жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз