- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ықылық атқанды тоқтататын...
Ықылық атқанды тоқтататын күтпеген тәсіл аталды
Ән айту ықылық атқанын тоқтатуға көмектеседі екен. Бұл туралы АҚШ-тың Майами университетінің мамандары айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Классикалық вокал мұғалімі Робинн Редмон көп адамда кездесетін ортақ проблемадан құтылудың күтпеген әдісін ұсынған. Ол ықылықпен күресудің әдеттегі әдістері, яғни мұрынды басып тұрып, тыныс алуды ұстап тұру, алға иілу немесе артқа шалқаю, белгілі бір мөлшерде су ішу адамның әдеттегі тыныс алу қарқынын өзгертіп, зейінін ауыстыратынын айтады. Оның сөзінше, ән айтудың да осындай көмегі бар.
"Ән айтып жатқанда ешкім ықылық атқанын немесе жөтелгенін естіген емеспін. Қалай болғанда да, дауыс сымдарын қысу және тыныс алуды тоқтату бұған көмектеседі", - деді Редмон.
Кинезиология және спорт ғылымдары кафедрасының профессоры Арлетт Перри ықылықтың пайда болуының себебін шамадан тыс тамақтану, тез тамақтану немесе көптеген сусынды, әсіресе, газдалған сусынды ішуден туындайтын іш кебу екенін айтты. Алайда оған басқа факторлар да әсер етуі мүмкін екен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова