- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ықыласпен жазылды". Маралтай...
"Ықыласпен жазылды". Маралтай Райымбекұлы Президентке арнаған дастаны туралы айтты
Танымал ақын Маралтай Райымбекұлы Президентке арнаған өлеңіне айтылған пікірге жауап берді. Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама барысында ақын Жарас Сәрсек Маралтай Райымбекұлына Президентке арнаған топтамасы үшін өкпелегенін айтты.
"Маралтайға бір өкпелеп қалған кезім сол - Президентке арнаған топтамасы. Дастан сияқты дүние. Маралтайға шынымен өкпелеп қалдым. Әріптес ретінде, қаламгер дос ретінде ішімде біраз қыжылды оятты. Кім біледі, бір көрегендігі бар шығар. Болашақта ең көп оқылатын өлең сол шығар", - дейді ақын Жарас Сәрсек.
Маралтай Райымбекұлы осы сынға пікір білдірді.
"Жарас досым әулие ғой бұл да. Айтқаны болар, мүмкін болмас. Ниеті дұрыс азамат қой. Жарас досымның сөзінің жаны бар. Баяғы Қалихан ағамыз айтқандай, қақырығымыз құйма алтын, түкірігіміз түйме алтын болмауы мүмкін. Бірақ ықыласпен жазған деген дүние болады. Жаздым ба, жаздым. Оны мен істедім бе, мен істедім. Жауап беремін", - дейді ақынның өзі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова