Адам өзін түрлі қауіпті аурулардан қорғау үшін ыдыс жууға арналған губканы жиі ауыстырып тұру керек. Сарапшылар оны қанша уақытта жаңартып отыру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер сіз ыдыс жууға арналған губканы айына бір рет қана ауыстыратын болсаңыз, біздің жағымсыз жаңалығымыз бар. Өйткені оны кем дегенде аптасына бір рет ауыстыру қажет, тіпті ыдыс жууға арналған губканы мүлде қолданбағаныңыз абзал.
Сарапшылар оның орнына мақта немесе микроталшықты майлықтарды қолдануды ұсынды. Біріншісін әр қолданғаннан кейін 90°C температурада, екіншісін 40°C температурада жууға болады.
Германия ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ас үйдегі губкаларда бактериялардың 362 түрі жиналып, көбейеді.
Оған қоса, ыдыс жууға арналған губканы микротолқынды пеште дезинфекциялаудың қажеті жоқ. Себебі алғашында бактерия саны шынымен де азайғанымен, аз уақыт ішінде бұрынғыдан да жылдам көбейеді.
Айта кетейік, бұған дейін ыдыс жуу кезінде жіберетін мына қателер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екені хабарланған болатын.
Біріншіден, қатерлі ісік ауруының пайда болуына әсер ететін қателіктің бірі - сапасы төмен ыдыс жууға арналған заттарды қолдану. Өндірушілер жуғыш заттың құрамына адам ағзасына өте зиян формальдегид қосады. Бұл элементті консервант ретінде қолдану жуғыш заттың сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Формальдегид тыныс алу мүшесінің түрлі ауруын тудырып, бауырға у сияқты әсер етіп, иммунитет жұмысын тежейді және қатерлі ісіктің дамуына әсер етеді.
Екіншіден, дымқыл ыдыстарды, әсіресе ағаш ыдыстарды жуғаннан кейін бірден шкафқа салуға болмайды. Мұндай әрекет ыдыста сары аспергилл канцерогенді зең пайда болуына әкеледі.
Үшіншіден, тамағы бетінде қатып қалған лас ыдысты жібіту үшін оны суға ұзақ уақытқа салып қоюға болмайды. Онда ылғалдылық пайызы жоғарылап, бактериялар пайда болады. Бактериялардың көбеюі үшін суда 4-5 сағат қана жеткілікті, сондықтан ыдыс-аяқты бірден жуу маңызды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қадір түні қандай дұға оқу керек?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!