- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыдыс жуу кезінде...
Ыдыс жуу кезінде жіберетін мына қателер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін
Біз күнделікті ыдыс жуғанда жіберетін қарапайым қателер қатерлі ісіктің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Қытайдың WeChat платформасы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mir24.tv-ге сілтеме жасап.
Мақала авторының айтуынша, біріншіден, қатерлі ісік ауруының пайда болуына әсер ететін қателіктің бірі - сапасы төмен ыдыс жууға арналған заттарды қолдану. Өндірушілер жуғыш заттың құрамына адам ағзасына өте зиян формальдегид қосады. Бұл элементті консервант ретінде қолдану жуғыш заттың сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Формальдегид тыныс алу мүшесінің түрлі ауруын тудырып, бауырға у сияқты әсер етіп, иммунитет жұмысын тежейді және қатерлі ісіктің дамуына әсер етеді.
Екіншіден, дымқыл ыдыстарды, әсіресе ағаш ыдыстарды жуғаннан кейін бірден шкафқа салуға болмайды. Мұндай әрекет ыдыста сары аспергилл канцерогенді зең пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, хеликобактер пилори бактериясы да пайда болу ықтималдылығы жоғары. Бактериялар ылғалды ортаны жақсы көреді, сондықтан ыдыстарды жинамас бұрын сүрткен немесе кептірген дұрыс.
Үшіншіден, тамағы бетінде қатып қалған лас ыдысты жібіту үшін оны суға ұзақ уақытқа салып қоюға болмайды. Онда ылғалдылық пайызы жоғарылап, бактериялар пайда болады. Бактериялардың көбеюі үшін суда 4-5 сағат қана жеткілікті, сондықтан ыдыс-аяқты бірден жуу маңызды.
Айта кетейік, бұған дейін хирург қатерлі ісік аурына шалдықтыруы мүмкін тағамдар тізімін толықтырғанын хабарлаған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неге сабақ оқығысы келмейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә