Түркістанға барған сапарында желі қолданушысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін видеоға түсіріп, оны желіге жүктеген. Кесене атауын "Қожанасыр кесенесі" деп қате атаған.
Оның кесене атауын қате айтқаны желіде қызу талқыланып жатыр.
"Қайырлы таң, мінеки, біз сапарымызды Түркістаннан бастадық. Сіздерге қаланың бір бөлігін көрсетіп жіберейін. Мынау Қожанасыр кесенесі", - дейді ол.
Видео астында оны қателесіп кеткен шығар дегендер де, оны айыптап пікір жазғандар да бар.