Яндекстің іздеу жолағы арқылы нейрожелі мүмкіндіктерін сынап көруге болады

Яндекстің іздеу жолағы арқылы нейрожелі мүмкіндіктерін сынап көруге болады
Фото: Яндекс Поиск

Енді қазақстандықтар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану үшін Яндекс іздеу жолағына сұрауын қазақ және орыс тілдерінде жаза алады. Пайдаланушының сұрағына жауап беру үшін нейрожелі интернеттегі барлық қолжетімді деректі зерделейді, қажетті дерек көздерін таңдап, барлық ақпаратты көлемді хабарлама етіп топтап, сол материалдардың сілтемелерін тізіп береді. Осылайша, пайдаланушылар бірнеше сайттарды ақтармай, бір ғана сұраумен тақырыптар бойынша ақпаратты жылдам таба алады.

Қазақстандықтар үшін нейро мүмкіндіктер биыл жазда қолжетімді болды. Бұған дейін жасанды интеллект әлеуетін пайдалану үшін Яндекс іздеудің бас бетіндегі арнайы режимге өту керек болатын. Ал қазір сұраққа жауап сайттарға әдеттегі сілтемелердің үстінде пайда болады. Жауапты жібермес бұрын нейрожелі пайдаланушының сұрауын талдап, пайдаланушыға бірнеше дереккөз негізіндегі қорытынды жауап пайдалы болу-болмауын анықтап алады.

Мұндай құрал пайдаланушы қандай да бір сұрақтың жауабын тез тапқысы келген жағдайда қажет. Мысалы, білім беру, тарих саласындағы сұрақтарды алсақ. Пайдаланушы Яндекс іздеуіне Қазақстан аумағында Ұлы Жібек жолында қандай қалалар болды немесе Алтын орда экономикасының ерекшелігі неде деген сұраулар.

Мұндай мүмкіндік жаңашылдыққа үйретіп, өзіне хобби таңдағысы келетіндер үшін де пайдалы болатыны анық. Мысалы, домбыра тартуды қалай үйренуге болады немесе балық аулау үшін қандай саймандар керегі бойынша нейродан кеңес алуға болады.

Нейрожеліні тың әрі өзекті ақпаратты табу үшін қолданады. Тіпті шыққанына небәрі бірнеше сағат болған ақпарат та Нейроның назарынан тыс қалмайды. Сондықтан пайдаланушы Яндекс іздеу жолағында нейро көмегімен тың мәлімет ала алады. Мысалы, шарттары жаңартылған соң «Наурыз» ипотекасын қалай алуға болатынын тез біле алады.

 

Нейро ауызекі стилді де түсінеді. Сондықтан іздеуде барысында ақпаратты оңай табасыз: сұрағыңызға жауапты ойға түскен бірінші сөзбен-ақ іздеуге болады. Сервис мәлімет алған дереккөздердің сілтемелерін де жинап береді. Сілтемелер табылған мәтін астында жеке блокпен ұсынылады.

Осылайша, пайдаланушы нейро ұсынған фактілердің барлығын тексеріп алып, ұнаған тақырыбына терең үңіле алады, ал ақпарат ұсынған алаңдар – қосымша трафикке ие болады.

Яндекс Поиск ұсынған материал

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина