- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Яндекс.Такси" Қазақстанда бағаны...
"Яндекс.Такси" Қазақстанда бағаны көтерді деген күдікке ілінді
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Яндекс.Такси" Қазақстанда бағаны көтергеніне байланысты тексеріліп жатқанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Агенттік қаңтарда компанияға қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеу басталғанын айтты.
"2022 жылғы 25 шілдеде тергеу тоқтатылды, себебі монополиялық жоғары бағаны белгілеу дерегі бойынша тергеу басталды. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, биыл такси қызметтерінің қымбаттауы мәселесі бойынша департаментке алты өтініш түскен.
"Яндекс Go" баспасөз қызметі заңға сәйкес барлық қажет ақпаратты ведомствоға беретінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек