Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сотталушылар апелляциялық шағым түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді.
"21 қаңтарда жәбірленуші тарап Ризуан мен Алтынбектің (сотталушылар - еск.) апелляциялық шағымын алды. Олар бұған дейін қысқа шағым жіберген, енді үкім негізінде шағым толықтырылған. Адвокаттар құжаттарды оқып жатыр", - деді ол.
Айта кетейік, 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылы 19 қазанға қараған түні өлтірілген. Қыздың сүйегі сегіз ай өткен соң Жайық өзенінің жағасынан табылды.
20 қазанда полицияға қыздың анасынан оның хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен. Тәртіп сақшылары Янаның түр-сипатына, ерекшеліктеріне қарай сұрау салып, іздеген.
Кейін каладағы бейнекамералардың жазбалары қаралып, күдікті көліктің жүру бағыты тексерілген. Осылайша қызды алып кеткен екі ер адам анықталған. ІІМ мәліметінше, бірі қылмысты өз қолымен жасаса, екіншісі оған қылмыс ізін жасыруға көмектескен.
Осылайша сот әрқайсына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова