Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: айыпталушылар өмір бойына сотталды

Атырау сотында алдын ала сөз байласу арқылы 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қатимовты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7) тармағы - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру".
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі 6) тармағы - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бөтеннің мүлкін қасақана жою".

Сот әрқайсына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске салайық, бұған дейін прокурор ең жоғарғы жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз