Продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-парақшасында Дубайдағы демалысын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол күйеуімен бірге яхтадағы демалыстан сурет-видеолар жүктеген.
"Нұрекең бүгін ерекше көңіл күй сыйлап, яхтыда жақсы демалыс болды. Бір есіктен кіріп, 2-ші есіктен шыққандай аз ғана өмірде бір-бірімізді бағалап, бақытты ғұмыр сүруді баршаңызға жазсын Алла!" - деп жазған ол Желіде.
Сонымен қатар, продюсер өздері тұрған вилланы да көрсеткен.
"Демалысқа келсек деген таныстарға виллаға көшкен кезде түсіріп салып едім, стористан бір күннен соң өшіп қала береді, тағы да біраз кісі сұрап жазған екен дайрекке, қайта-қайта жібермес үшін әрі өзіміз тұрған вилламыз естелік болып қалсын деп лентамда сақталып тұра берсін дедім. Мүмкін, ата-аналарын жастар осы жерге демалысқа жіберіп қалар. Қаланың шуы жоқ, тып-тыныш, теңіз, ұйқы, тыныштық деген кісілерге керемет жер. Сіздерге де келуді Алла жазсын!", - дейді ол.
Желі қолданушыларының бір бөлігі оларға жақсы демалыс тілеген. Пікір жазғандар арасында вилланың құнын сұрағандар да болған.
"Қандай керемет. Бізге де жұғысты болсыншы", "Вилланы жалдауға қанша ақшамен бару керек деп сұрайық енді. Гүлекең жауап берсе?", "Бізге де жұғысты болсын! Жақсы демалып қайтыңыздар", "Күшті. Жақсы демалыс болсын! Бізге де осындай қыдыру бұйырсыншы!" - дейді Желідегілер.
Алайда Желідегі сурет-видеоларды мақтан деп санағандар да табылған.
"Қайта-қайта мақтанып салғаныңыз кімге керек? Қарапайым халық ондайды ұнатпайды ғой, білесіз", "Халықтың арқасында екенін ұмытпаңдар шалқып жүргендерің", - деп жазған кейбір Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!