Xbox Live желі қызметін құрастырушы Microsoft-тан кетті

Xbox Live желі қызметін құрастырушы Microsoft-тан кетті

Microsoft компаниясының видео ойындары саласындағы табысы артып келгенімен, компанияның жетекші қызметкерлері жұмыстан біржола кетуді ұйғарыпты. Өткен жылы Xbox One ойынына жетекішілік еткен Дон Метрик өз мансабын аяқтаған болса, бұл жылы Бойд Малтерер ерікті түрде Microsoft-тың бұрынғы қызметкері атанды.

Бойд Малтерер аталған компанияда 20 жыл еңбек еткен. Оның компанияға алып келген табысы компанияның өзге қызметкерлерімен салыстыруға келмейді. Ол алдымен Xbox ойын консолының онлайн компоненттерін жасаумен айналысты. Сосын Бойд құрған жаңа бағдарлама әлемге әйгілі Xbox Live желілік қызметіне айналады.

Бойд жұмыс орнындағы соңғы күндерінде Xbox One консолының техникалық дизайнын жасаумен айналысыпты. "Қош бол, Microsoft! Xbox – тамаша консол! Енді менің басқа іспен айналысатын кезім келді", - деп туиттеді Бойд Малтерер.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Microsoft компаниясынан Xbox саласының қызметкерлері Бойд Малтерер мен Дон Метриктерден басқа сату бөлімінің басшысы Марк Виттен, қазіргі кезде жабылып қалған Xbox Entertainment Studios басшылары Нэнси Теллем мен Джордан Левин және Xbox One TV қызметінің жетекшісі Бен Смит кеткен.

Сурет: news.microsoft.com

Ж. Өрісбай