Wildberries қоймасында тағы да өрт шықты

Wildberries қоймасында тағы да өрт шықты
Фото: Видео кадры

Ресейдің Свердлов облысындағы Екатеринбург қаласында орналасқан Wildberries логистикалық орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, өрт шыққаннан кейін нысандағы қызметкерлер дереу эвакуацияланған. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметтері жұмыс істеп, жалын ошағы оқшауланған. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.

Өртке байланысты қоймаға жаңа тауарларды қабылдау уақытша тоқтатылып, олар басқа логистикалық орталықтарға бағытталған. Wildberries өкілдері қоймадағы тауарлардың басым бөлігі бүлінбегенін мәлімдеді.

Свердлов облысының губернаторы Денис Паслер де логистикалық орталық аумағында өрт болғанын растап, адамдар қауіпсіз жерге шығарылғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұл кейінгі уақытта Wildberries қоймаларында тіркелген алғашқы өрт емес. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget