- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- WhatsApp-тың қытайлық аналогымен...
WhatsApp-тың қытайлық аналогымен кредит алуға болады
Фото:
tn.kz
Қытайлық WeChat мессенджері арқылы кредит алуға болады. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.
Қызмет Weilidai деп аталады. Мұны пайдаланып 31 мың долларға дейін кредит алуға болады. Сервис тапсырыс беруші туралы қосымша ақпаратты қолданушының өзі құрған анкетадан алады. Оның достары мен жиі сөйлесетін адамдары туралы ақпарат та ескеріледі.
Мамандардың айтуынша, мессенджерде қолданушы туралы ақпарат көп болмайды. Сондықтан, олар кредитті жоғары процентпен береді. Бұл қайтарылмаған кредиттердің орнын толтыруға көмектеспек.
Айта кетелік, кредит берумен Tencent компаниясы ашқан WeBank банкі айналысады. WeChat-тың да Tencent-ке тиесілі екенін есіңізге саламыз.
М. Бисембаева