WhatsApp-тағы қатер: прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

WhatsApp-тағы қатер: прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Бас прокуратура "WhatsApp" мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес, кибералаяқтар "WhatsApp" аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолданып жатыр. Бұл әдіс "GhostPairing" деп аталады және құпиясөзді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар WhatsApp-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.

Сценарийі қарапайым: қолданушыға "Facebook" немесе "WhatsApp" атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол "Facebook" пен "WhatsApp" интерфейсін визуал қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.

Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автомат түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, WhatsApp-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.

WhatsApp-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз аккаунтты көрсетеді және дереу жойылуға тиіс.

Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:

  • белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
  • "WhatsApp" кодын бөгде парақшаларғаенгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;
  • екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
  • аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
  • қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget