- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Банктер туралы
Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алуға өтініш берді

Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank-ті сатып алуға өтініш берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Jusan Bank акцияларының 97,5 пайызын сатып алуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш бердім. Қазір бұл өтінім қаралып жатыр. Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ", - деп жазылған кәсіпкердің ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, 2023 жылы Jusan қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды.
Ким туралы не белгілі?
Вячеслав Ким - Алматының тумасы, экономист, қаржыгер, қоғам қайраткері, Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.
2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz акционерлеріне Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікке одан әрі жәрдемдесу бағытында қолдау білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова