Вундеркиндті қалай тәрбиелеу керек? Физиолог кеңестері

Вундеркиндті қалай тәрбиелеу керек? Физиолог кеңестері

Әр бала ерекше, сондықтан заманауи ата-аналар бала туғаннан бастап оның қасиеті мен қабілетін анықтауға тырысады. Алайда қолданылып жатқан барлық әдіс тиіді ме? Баланың талантын қанша жасында анықтау керек? Неліктен менталды математика баланы данышпан етіп өсіруге көмектеспейді? Биология ғылымдарының докторы, педагог, физиолог Марьяна Безруких бала интеллектіне қатысты кең тараған аңыздар туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group едиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – "Вконтакте" әлеуметтік желісі.

Жаңа шығарылымды бүгін, 21 қаңтарда сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-каналында көре аласыздар. Эфир қонағы "Вундеркиндті қалай тәрбиелеу керек?" деген тақырыпта әңгіме өрбітеді. Сонымен қатар, эфир қонағы оқыту үшін әлеуетті қалай жинақтауға болатынын және ересек өмірде мидың дамуының негізгі процестерін тоқтатпау үшін не істеу керегін түсіндіреді.

Ресей білім академиясының академигі Марьяна Безруких - баланың даму физиологиясы, мидың дамуы және танымдық іс-әрекет маманы. 500-ден аса ғылыми еңбектің, монографияның, оқулық пмен оқу құралдарының авторы, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған кітаптардың авторы.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады. 

I-BALAQAI жобасы аясында Marwin family shop және "Меломан" дүкенімен бірлесіп сертификаттар ойнатылады. Ұтыс ойынына I-BALAQAI-дың Instagram-дағы парақшасына жазылып, қатыса аласыздар. 

Marwin family shop және Меломан сауда желісінің дүкендеріне сертификат ұсынғандары үшін алғыс білдіреміз.

Massaget