ВТБ банкі санкцияға ілікті

ВТБ банкі санкцияға ілікті
Фото: dengi.biss.kz

Ресей нарығындағы жетекші банктердің бірі ВТБ санкцияға іліккендер тізіміне енді. Бұл туралы Әсет Наурызбаев есімді блогер өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды.

Парақшада "Қазақстан ВТБ банкі санкцияға іліккендер тізімінде тұр. Абай болыңыздар" − делінген. Сонымен қатар санкцияға іліккендер қатарында Еуропа Сбербанкі, ВТБ 24 бар.

Айта кетейік, ВТБ банкі Қазақстан жерінде 2008 жылдан бастап өте белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Қазақстанның 17 қаласында филиалы ашылған. 47 офис, 26 қосымша мекен және ақша айырбастау пунктері жұмыс істейді.

 
С. Ерсін